+7 727 397-12-39
+7 727 397-11-93

Жазбаша

Біздің компания келесі негізгі тақырыптық бағыттар бойынша аударма салысындағы өз қызметтерін ұсынады: экономика (жылдық қаржылық және бухгалтерлік есеп берулер, аудиторлық есеп берулер, тәуелсіз сарапшылардың есеп берулері); заң саласы (құрылтайшы құжаттар, жарғылар, әр түрлі келісімшарттар, азаматтық-құқықтық іс-әрекетте, соның ішінде жеке, сондай-ақ заңды тұлғаларға қажеттік келісімшарттар мен келісімдер, сондай-ақ сот билік органдарының шешімдері); техника (техникалық ерекше құжаттар, пайдалану жөніндегі басшылық құжаттар, жабдық жасау, машина жасау, авиакөлік жасау, автомобиль жасау, коммуникативтік технологиялар, құрылыс және т.б.); мұнай және газ (газ тасымалдау жүйелері, мұнай құбырлары, ұңғымаларды қазу, бұрғылау және игеру, іздестіру-барлау жұмыстары, геологиялық-химиялық зерттеулер және т.б.); медицина (сондай-ақ медициналық анықтамалар мен қорытындылар); компьютерлік технологиялар, көлік және ауыл шаруашылығы

Сондай-ақ біз әлемнің кезкелген тілінде қоғамдық байланыстарды дамыту, жарнама (соның ішінде жарнамалық кампаниялар), маркетинг, мерчендайзинг, жаңалықтар, кітаптық және газеталық жариялымдар, сондай-ақ Қазақстанның, ТМД мен шетелдік мамандардың талдамалық зерттеулері сияқты салаларды керемет көрсете аламыз.

Шетелдік баламаларынан анағұрлым асып түсетін қатаң сапалық бақылау жүйесі, және біздің редакторларымыздың аудармаларды тиісті редакциялауы, сондай-ақ оларды орфографиялық және стилистикалық қателерге қатысты түзетпелеу және тексеруі, түпнұсқасынан сандық және кестелік мәліметтердің пішінделуін, толықтай және дұрыс түсуін тексеру бізге Клиенттеріміздің қажеттерін барынша жоғары дәрежеде қанағаттандырып отыруға мүмкіндік береді.

Әрбір корпоративтік Клиентімізге өзінің дербес менеджері ұсынылады, ол барлық өзара әрекеттесу мәселелерімен айналысып және тек көпшілік қабылдаған стандарттарды ғана емес, сондай-ақ нақты Тапсырыс берушінің өзіндік талаптарының дәл орындалуын бақылап отырады.

Біз мейлі ол бірнеше беттен тұратын құжат болсын, мейлі бірнеше мыңдаған беттен тұратын көлемді жоба болсын кезкелген көлемдегі аудармаларды орындаймыз.